Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


ЖОБА

Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жеке алынған санаттағы алушылар үшін атаулы және мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:

1) Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 2,4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
2) Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы  (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ЧАЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнімен соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
жеңілдіктерге құқық берілетін отбасы мүшелеріне, атап айтқанда:
екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
1988-1989 жылдардағы ЧАЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
3) Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 1,2 АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 2,9 АЕК мөлшерінде;
4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

  1. жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2,3 АЕК мөлшерінде;

бірінші, екінші топтардағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
кәмелетке толмаған балалары бар үшінші топтағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

шешіміне қосымша

 

Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»               № 284/33 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4196 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»               № 307/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 болып тіркелген, 2015 жылғы 07 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»               № 355/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).