Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзацтағы «500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде» сөздері  «1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «5 АЕК мөлшерінде» сөзі «30000 «отыз мың) теңге мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
          Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде ұрыс-қимылдарға қатысқан тұлғаларға, Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары  Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – АЭС) апатының салдарынан  мүгедек болған тұлғаларға, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;
1 тармақтың үшінші, алтыншы абзацтары жойылсын;
1 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;»;
«бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ, Ауғанстанда  немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;»;
«қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар» 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;»;
«екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;»;
«бейбіт заманда әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
«соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулеріне) – 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;»;
«Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 30000 (отыз мың) теңге;»;
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.