Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу жөніндегі Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ басшысы бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссия отырысы
Хаттамасынан үзінді

Екібастұз қаласы                                                            2020 жылғы 31 наурыз

Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ басшысы бос лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияға 1 ұміткер құжат тапсырды:
  Шакар Жиенбаевна Каримова.
Конкурстық комиссия Казақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы                             25 қазандағы №360 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес (білімі жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі білім), жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау саласында 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі бейінді ұйымда тиісті басшы лауазымдарында 5 жылдан кем емес), үміткердің ұсынған құжаттарын және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары»   23-тармағына сәйкес конкурс қатысушыларына ұсынылған талаптарын қарастырып және талдап келесі ШЕШІМ шығарды:
Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ басшысы бос лауазымына ұсынылатын, біліктілік талаптарына сәйкес үміткердің құжаттары қабылдансын және конкурстың келесі деңгейі - әңгімелесуге:
Шакар Жиенбаевна Каримова жіберілсін.