Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"     № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 ақпанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттардың тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

  1. Жалпы ережелер

 

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – жиынтық табысын есептеудің Ережесі) сәйкес анықталады;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – Екібастұз қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсіндіреді.

4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

6. Жекеленіп алынған санаттағы алушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс Күні;
3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
4) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Респуликасының Мүгедектер күні.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін жергілікті атқарушы органдармен бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

  1. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
    және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

 

8. Әлеуметтік көмек Екібастұз қаласының аумағында тұрақты тұратын келесі азаматтардың санаттарына ұсынылады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
2-1) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
2-2) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
2-3) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар;
2-4) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларына, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер Министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
2-5) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - АЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға;
3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
3-1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
3-2) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынанмүгедек болған бұрынғы КСРОдағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға;
3-3) Чернобыль АЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға;
      3-4) Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:
4-1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
4-2) болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулеріне);
4-3) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
4-4) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға;
5) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға;
6) зейнет жасына жеткен тұлғаларға, нақтырақ айтқанда:
6-1) ең төменгі мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтарға;
6-2) ең төменгі мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы алатын 80 және одан да жоғары жас мөлшеріндегі азаматтарға;
7) мүгедектерге, оның ішінде:
7-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
7-2) 1, 2 топтағы мүгедектерге;
7-3) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топ мүгедектеріне;
7-4) аймақтық, республикалық, халықаралық спорттық іс-шараларға қатысатын мүгедектерге;
7-5) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
7-6) мүгедектігі бар және 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдерге;
8) студенттерге, атап айтқанда:
8-1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысына әлеуметтік көмекті алушы студенттерге;
8-2) Екібастұз қаласының колледждерінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім-балалар қатарындағы студенттерге;
9) әлеуметтік-маңызы бар аурумен ауыратын азаматтарға, атап айтқанда:
9-1) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғаларға;
9-2) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғаларға;
9-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғаларға;
9-4) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен 18 жасқа дейінгі балаларға;
10) отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтарға, атап айтқанда:
10-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатарынан көп балалы аналарға (отбасыларға);
10-2) отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын бір айға созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған және шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтарға;
10-3) 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдерге;
11) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғаларға;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келуіне байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (меншігінде тұрғын үйі (пәтер, үй) бірден аспайтын азаматтарды ескермегенде).
9. Табысын есептемей уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:

1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:
1-1) Жеңіс Күніне орай, 8-тармақтың 1), 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай, 8-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті органның тізімі негізінде;
1-3) Халықаралық қарттар күніне орай, 8-тармақтың 6-1), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
1-4) Қазақстан Респуликасының Мүгедектер күніне орай, 8-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
2-1) тіс протездеу 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде 8-тармақтың 2-4), 2-5), 3-4), 4-4)  тармақшаларында көрестілген санаттар үшін - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, алушының мәртебесін растау құжаты, орындалған жұмыстар актісі, түбіртектер, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-2) санаторлық-курорттық емдеу (жолына, тамақтануына және тұруына) 45 (қырық бес) АЕК мөлшерінде 8-тармақтың 2-4), 2-5), 4-4) тармақшаларында көрестілген санаттар үшін - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаты, алушының мәртебесін растау құжаты, түбіртіктер, жүкқұжат, шот-фактура, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-3) 8-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде – өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-4) 8-тармақтың 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқаны үшін 15 АЕК мөлшерінде – "Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша уәкілетті органның тізімі негізінде;
2-5) 8-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін, еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 40 АЕК мөлшерінде – өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы, түбіртіктер, шот-фактура, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-6) 8-тармақтың 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 15 АЕК мөлшерінде – өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, 12 аптаға дейін жүктілікке тұруы туралы медициналық анықтама, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-7) 8-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында сондай-ақ, Екібастұз қаласының колледждерінде нақты оқу ақысын төлеуге, уәкілетті органның тізімі, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Екібастұз қаласының әкімі, жоғары оқу орны немесе колледж басшысының және студенттің қолдары қойылған үш жақты шарт негізінде;
2-8) 8-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, диспансерлік есепте тұрғандарға емделуге 7 АЕК мөлшерінде – өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, ауруын растайтын дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
2-9) 8-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін, диспансерлік есепте тұрғандарға емделуге 7 АЕК мөлшерінде – ЖҚТБ-мен күрес және оның профилактикасы бойынша облыстық орталығының Екібастұз бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде;
2-10) 8-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін, оңалтуға 5 АЕК мөлшерінде – Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен ұсынылатын тізімнің негізінде;
2-11) 8-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 50 АЕК дейінгі мөлшерде өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, табиғи зіл-зала немесе өрттің болған фактісін растайтын құжаттар, жоғалған, бүлінген мүліктің тиесілігін растайтын құжаттар (жеке меншiк құқығында тиесiлiлер үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының жоқтығы (бар болуы) жөніндегі анықтама, құқығын белгілейтін құжат, жалдау шарты), екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі, арнайы комиссия қорытындысы негізінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - табиғи зіл-зала немесе өрт туындалған кезден алты ай ішінде;
3) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
3-1) 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға 1 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
3-2) 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және телефонның абоненттiк төлемі шығындарын өтеуге, өткен айдағы тұрғын үйді ұстауға ұсынылған шығындар сомасының мөлшерінде өтініш, жеке басын куәландыратын және алушының мәртебесін растайтын құжаты негізінде;
3-3) 8-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуы мерзімінде тұруына, тамақтануына және тұрғылықты жеріне жол жүруіне 15235 теңге көлемінде, Екібастұз қаласының колледждерінде (тек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім-балаларға) 12188 теңге көлемінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
3-4) 8-тармақтың 8-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, оқу кезеңінде қалаішілік жолаушылар көлігінде жол жүруге толық жол жүру билеті құнының 50 пайыз мөлшерінде, өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі, қорғаншы белгілеу туралы қаулы (ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін), оқу орнынан анықтама, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;
3-5) 8-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және тұрғылықты орнына кері қайтуға жол жүру билеттері құнының нақты мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, емделу, зерттеу немесе кеңес беру туралы онколог-дәрігерімен берілген үзінді көшірмесі немесе анақтамасы, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде. Жыл ішінде қайтадан өтініш жасаған кезде – өтініштің, емделу, зерттеу немесе кеңес беру туралы онколог-дәрігерімен берілген үзінді көшірмесі немесе анақтамасы, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері негізінде;
3-6) 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, амбулаториялық емделу кезеңінде 7 АЕК мөлшерінде Екібастұз қалалық емханалармен ұсынылған тізімнің негізінде;
3-7) 8-тармақтың 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін, емделуге тиісті жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде, Екібастұз қалалық емханалармен ұсынылған тізімнің негізінде;
3-8) 8-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті органның тізімі негізінде, Екібастұз қаласының қала ішілік жолаушылар көлігімен жүруге (аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан студенттерге) толық жол жүру билетінің 50 пайыз мөлшерінде;
4) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
4-1) 8-тармақтың 2-4), 2-5), 3-3), 3-4), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, 2 АЕК мөлшерінде сауықтыруға – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4-2) 8-тармақтың 2-2),2-4),2-5), 3-3), 3-4),4-2), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, 3,6 АЕК мөлшерінде тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша шығындарды төлеуге – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде.
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті табысын есептеп көрсетеді:

1) біржолғы әлеуметтік көмек:
1-1) 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жедел араласудан кейін емделуге немесе оңалтуға 15 АЕК дейін мөлшерінде – өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, Үлгілік қағидаларға                  1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, тиісті медициналық мекемеден анықтаманың (бір ай ішінде жарамды), екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі, арнайы комиссия шешімі негізінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындалған кезден алты ай ішінде;
1-2) 8-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 АЕК мөлшерінде өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұру туралы медициналық анықтама, Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтері, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтері, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде.
11. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтардымұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

 

13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

14. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің пәтеріне (үйіне) тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілетті органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

 

  1. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

26. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға қоныс аударған;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

  1. Қорытынды ереже

 

28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.