Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы шешімі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы  8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы  25 маусымдағы «Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 330/39 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 тамызда «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі «Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы «Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 330/39 шешіміне толықтырулыр енгізу туралы»       № 19/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5130 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы   
Қалалық мәслихат хатшысы                                                  Б. Куспеков

 

 
Екібастұз қалалық мәслихатының шешіміне
2019 жылғы «___» __________
№ ______ қосымша


Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Екібастұз қаласының ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган - «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік қолдау уәкілетті ұйымының немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен және мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшысы қол қойған тізбе негізінде мамандардан өтініш талап етілмей көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (каточкалық) шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Отбасында екі және одан көп маман тұрып жатқан жағдайда әлеуметтік көмек осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет, тиісті жылдың жылыту маусымы кезеңіне бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.