Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының, 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының, 2-3 тармағына және «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:


1. Әлеуметтік көмек және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілген әр бір алушыға тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1000000 (бір миллион) тенге сомасында белгілеу.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың келесі тізбесін белгілеу:
1) Екібастұз қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттік мекемелерде қызметін жүзеге асыратын;
жекелеген санаттарына
2) денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлері;
3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Департаментінің Екібастұз қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;
4) мүгедек балалары бар, немесе оларды тәрбиелап отырған отбасылар;
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; көп балалы отбасылар;
6) толық емес отбасылар.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы   
                    Б. Куспеков