Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2412478



Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
     мәселелер бөлімі ММ басшысының м.а                               У. Айтбаева