Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2412129

 

Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы   7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына,  27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы   26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс  орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

           

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «_____» _________
№_____ қаулысына
қосымша

 

Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

« Завод МВИ » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

1%

1

2

« ЭКИБАСТУЗ ТРАНСНЭК » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

1%

1

3

«БЕРЕКЕ 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

265

1%

3

4

«R.W.S. Wheelset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

187

1%

2

5

«Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

354

1%

4

6

«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

737

1%

7

7

« Тамыр » Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

1%

2

8

«Промсервис-Отан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

590

1%

6