Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


30.05.19Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау әлеуметтік қолдаудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Екібастұз қаласында оңалту шараларының бір қатары көрсетіледі, оның ішінде «Инватакси» қызметін ұсыну. Бұл қызмет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қала бюджеті қаражаты есебінен «Көмек Екібастұз» қоғамдық қорымен көрсетіледі.
Инватакси қызметі «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы                          1 қарашадағы №859 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.


Инватакси қызметі Екібастұз қаласында, оның ішінде ауылдық жерлерде және келесі көрсеткіштері бар мүгедектер мен мүгедек-балаларға көрсетіледі:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  №10370 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                   №10589 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына                         17-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер.
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған белгіленген пункттердің тізбесі
1) мүгедектің жұмыс орны;
2) мүгедектің оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік сала объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.
11) спорттық-оңалту және мәдени-бұқаралық іс-шаралар.
Инватакси қызметін көрсетуге өтінім түсіру және қызмет алу тәртібі туралы «Көмек Екібастұз» ҚҚ диспетчер қызметіне 74-12-07, +77712962915, +77756154397 телефондары арқылы жүгіну қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жігер» Мүгедектердің Ерікті Бірлестігімен көп қабатты ғимараттарда тұратын арбада отыратын мүгедектерге шынжырлы баспалдақ көтерілгіші қызметі көрсетіледі.
Шынжырлы баспалдақ көтерілгіші қызметін алуға арналған өтінімді: +77778640630, +7475070463 телефондары бойынша қабылданады.

30.05.19 2