Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


24.05.19Ағымдағы жылы 23 мамыр «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нен 20 қызмет алушы жетекшілерімен бірге «Дәстүр» кафесінде өткен «Көтемгі туған күн иелерінің күні» мерекесіне барды.
Қайыржанқызы Айтжан кезекті мәрте мүмкіндігі шектеулі балаларға зал ұсынып, қайырымдылық кешенді түскі ас ұйымдастырды.
Мерекелік көңіл-күйді көтеруге қуыршақ Лол, Миньон, музка мектебінің «Самға» тобының балалары, «Джуманжи» би ұжымы және шығыс биімен Сырман Нұрай ат салысты.
Мүмкіндігі шектеулі балалар өткізілген ойындар мен конкурстарға қатысты, мерекелік іс-шарада әрқайсы жағымды эмоциялар мен үлкен қуанышқа ие болды. Туған күн иелерінің әрқайсысы кафе иесінен кішігірім сыйлықтар алды.