Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


kubok paryzҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2019 жылы ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;
және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
2) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы». Бұл номинацияда қоғамға пайдасын беретін және/немесе негізгі қызметке ұзақ мерзімді болашақта оң әсер ететін, әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі қаралады.
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, бұл материалдардың құрамына:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі.
Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет ресурсында орналысытырған сауалнама болуы тиіс.
Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» конкурсы бойынша толық ақпарат    www.enbek.gov.kz.  сайттарында жаряланған.
Барлық мәселелер жөнінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш жасау қажет, тел. 347163, 347342, 347322, mailto:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. е-mail, мекенжайы: Екібастұз қ., Энергетиктер көшесі 62, каб. 420.

Материалдар 2019 жылдың 1 шілдегі дейін қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.

Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 59, 211 каб.; телефон: 90-31-42, 90-31-61, эл. мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.