Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


14.05.19Бізді сұрапыл соғыс жылдарынан көп уақыт алыстатты, бірақ бұл оқиғалар жеңілісі мен жеңіс қуанышын толық білетін адамдардың жадынан өшпейді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс кеңес халқына оңай болмады. Сол бір зұлмат жылдары майдан даласында сарбаздар отанын қорғады, алыс майдан шебінде тыл еңбеккерлері де өз еңбек ерліктерін жасады. Олар солдаттарға ең қажеттінің бәрін жасап, майданға берді. Негізгі жұмыс әйелдер, жасөспірімдер мен балалардың нәзік иығына артылды. Үлкен қиындықтарды жеңе отырып, олар колхоздарда, алаңдарда, зауыттарда және фабрикаларда өз әкелері, ағалары мен күйеулерін алмастырды. Еңбек майданының қатысушылары тыным таппай жұмыс істеді, олар да Жеңісті қолдарына қару алып соғысқандар сияқты жақындатты.

Бүгінгі күні Екібастұз қаласында және ауылдық елді-мекендерде 1123 тыл майданының қатысушылары тұрады, оның ішінде 39 тыл майдангері Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
2019 жылғы 8 мамырда Ұлы Отан соғысының 74 жылдық Жеңісін мерекелеу шеңберінде, Екібастұз қаласында Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттары: Э.Р. Абдинов, Н.Г. Арсютин, Л.Е. Бекбергенова, С.Ж. Макаров, В.В. Ищенко, К.Х. Турлыбеков, С.Т. Садвакасов, А.К. Нурпеисов, С.В. Лепехин, А.А. Жусупаев, М.М. Мусанап қолдаған тыл майдангерлерінің қатысуымен «Көгілдір алаулар» - мерекелік кездесулер өтті.
Депутаттар тыл еңбеккерлерін жылы құттықтап,Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын еңбектері үшін алғыс айтты. Соғыс жылдарының сынақтарынан адал және абыроймен өткендердің барлығы батырлар мен жеңімпаздар болып табылады деп сеніммен айтуға болады.
Осы жылы тыл еңбеккерлерімен кездесу №№4, 6, 10, 11, 13, 33 орта мектептерінде өткізілді. Оқытушылар мен мектеп оқушылары концерттік бағдарлама дайындады, онда барлық ардагерлерге қымбат соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндер шырқалды. Қонақтар сүйікті әндерін тыңдады және бірге ән шырқады.
Жыл сайын «Көгілдір алау» ардагерлерге құрмет көрсету сол жылдар туралы тағы да еске алуға, сөйлесуге, өз сезімдері мен уайымдарымен бөлісуге, адамгершілік және рухани қасиеттерді қалыптастыру үшін өскелең ұрпаққа олар туралы айтуға мүмкіндік беру үшін өткізіледі.