Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7) тармағына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленген.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2346357

«Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
     мәселелер бөлімі»  ММ басшысының м.а.                               У.Айтбаева