Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 220/26 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес ағымдағы жылы Жеңіс күніне орай 1385 азаматқа жалпы сомасы 26033,1 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған, оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысына 150,0 мың теңге мөлшерінде;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 220 адамға 10 АЕК немесе         25250 теңге мөлшерінде;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан соғыс қатысушыларына теңестірілген  басқа санаттағы 85 адамға 10 АЕК немесе 25250 теңге мөлшерінде;
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 1074 тұлғаларға 5 АЕК немесе 12625 теңге мөлшерінде.