Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Екібастұз қаласында 2019 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 6 Ұлы Отан соғысыныңқатысушылары тұрады. Ардагерлер жөнінде актуалды ақпарат жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің сайтында enbek-ekibastuz.skom.kz. орналастырылды. ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен 150,0 мың теңге көлеміне әрбіріне біржолғы әлеуметтік төлем төленетін болады, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы беріледі. Ардагерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында дәрі-дәрмек сатып алуға, коммуналдық қызмет төлемі шығындарын өтеуге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі. Үш ардагер әлеуметтік жұмыскер қызметтерін алады. Оңалту іс-шаралары ұсынылған ардагерлер (кресло-арба, есту аппараты, гигиеналық құралдар және т.б.), жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қамтылды. Ардагерлерге қалалық қоғамдық көлікке тегін жүру көзделген.
Сонымен қатар, қаланың қоғамдық ұйымдары: «Қайырымдылық» ҚҚ, «За будущее Экибастуза» ҚБ жыл сайын ҰОС ардагерлерін 8-наурыз, 22-наурыз, Жаңа жыл мерекелерімен құттықтау үшін қайырымдылық қаражаттарын бөледі.