Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


soczaschita1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №220/26 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмектің келесі түрлерін көрсетеді:

1) табысын есептемегенде біржолғы әлеуметтік көмек:
- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге 5 АЕК көлемінде;
          - санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж 1-топтағы мүгедектерді бірге алып жүруші тұлғаларға 40 АЕК көлеміне;
    - онкологиялық  аурумен зардап шегуші тұлғаларға 7 АЕК көлемінде, сонымен қатар ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК, Павлодар қаласы емдеу мекемелерінің гематологиялық бөлімшелеріне және тұрғылықты жеріне қайтуға нақты ақы төлеу құны бойынша шығындары өтеледі;
    - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келуіне байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (меншігінде тұрғын үйі (пәтер, үй) бір бірліктен аспайтын азаматтарды ескермегенде) 50 АЕК көлемінде;
- 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған және мүгедектігі бар жүкті әйелдерге 10 АЕК көлемінде;
2) табысын есептегенде біржолғы әлеуметтік көмек:
    - отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын бір айға созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған және шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтарға 15 АЕК көлемінде;
- отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын, 12 аптаға дейін жүктілік бойынша есепке тұрған жүкті әйелдерге 10 АЕК көлемінде;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін алу «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62, мекенжайы бойынша                  №107, 109 кабинеттер, 34-71-94, 34-71-95 телефондары бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.