Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


14.01.19 6Кеше Ұлы Отан соғысының ардагері Зейнолла Сулеев өзінің 94 жасын атап өтті.
Ардагерді құттықтауға қала әкімінің орынбасары Наталья Нефёдова барды. Ардагердің мойындауынша, ол үшін туған күнінде бұл құттықтау - өте жағымды жағдай болды. Зейнолланың қызы Райхан Сулееваның айтуынша олардың отбасы үлкен - ардагерде 8 бала және 50-ден асқан немерелері мен шөберелері бар. Біз барлығымыз әр түрлі қалада тұратынымызға қарамастан, әкемізді бәріміз бірігіп, ақылдасып күтеміз. Туғандары мерекелерге және демалыстарда келеді, атасына көбінесе немерелері мен шөберелері барады. Ең бастысы Сіз бен біз бейбітшілік және тыныш уақытта өмір сүреміз. Бізде барлығы бар: басымызда үйіміз, тамағымыз, жарығымыз және жылуымыз деп айтты Зейнулла Сулеев.