Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


30.11.18Қала әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ұлы Отан соғысының ардагері, Курск қаласындағы аңызға айналған танктік шайқасының қатысушысы Октябрина Борисованы Бірінші Президент күнімен құттықтады. Қала басшысы ардагерге зор денсаулық, амандық тіледі және мерекелік жиынтық ұсынды. Октябрина Борисова майданға өз еркімен 18 жасында кетті. Жауынгерлік даярлықтан және медбике курсынан өтті.  Курск  қаласында тарихтағы ірі танк шайқасына қатысты. 1943 жылы эшолонмен Владивостокка әскери қызметін Тынық мұхит флотының 138-ші жеке артиллерия дивизиясына жіберілді. Фашистік Германияны женгеннен кейін пулеметшілер және артеллеристтер батальонында Жапониямен соғыста шайқасты. Соғыс аяқталғаннан кейін Октябрина Илларионовнаәр түрлі лауазымдарда еңбек етті. Екібастұзда 1968 жылдан бастап тұрады. Теміржолшыларды жабдықтау жұмысшы бөлімінде жұмыс істеді. Отан үшін шайқастағы батылдығы, табандылығы үшін және жұмыстағы жетістігі үшін орденімен, «Ерен Еңбегі үшін» және «Жапонияны жегені үшін» медальдарымен, құрмет грамотармен марапатталды.