Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


22.10.18Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақытында төлемеу жағдайының көбеюіне байланысты 2018 жылдың 18 қазанында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына еңбек мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы Қ.Қ.Ахметовтың және кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік аударымдарды уақытында аудару мәселесі бойынша кеңес-семинар өткізілді.

Жүргізілген мониторингке сәйкес, Екібастұз қаласы бойынша әлеуметтік аударымдар төлемі бойынша 2018 жылғы шілде-тамызда   14 кәсіпорынның берешегі бар, кейбір төлемеушілер бірнеше рет төлем мерзімін бұзуда.
ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»  Заңына сәйкес, әлеуметтік аударымдар келесі есепке дейін  айдың 25 күнінен кешіктірілмей төленуі керек екендігін ескеру қажет. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары табысы жоғалатын әлеуметтік қауіп туындаған жағдайда Қордан (жұмысын жоғалту бойынша жәрдемақы, жүктілігі және тууы бойынша, мүгедектігі бойынша) әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар, сонымен қатар төлемнің уақтылығы мен толықтылығы төлем тағайындау мерзімі мен көлеміне бағынышты.