Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


08.10.18Жыл сайын  «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығымен қайырымдылық негізінде қала сыртында және ауылдық аймақта пештік жылуы бар үйлерде тұратын, халықтың әлеуметтік-осал топтары қатарындағы тұлғалар үшін көмір бөлінеді.
Ағымдағы жылы «Қамқорлық» айлығының шеңберінде «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығымен 500 отбасыға 2500 тонна көмір бөлінді.
Бұл көмекпен ауылдық өңір және Екібастұз қаласының тұрғындары қамтылды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығына көрсетілген көмекке алғысын білдіреді.