Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


05.10.2018Мемлекеттің мүгедектерге қамқорлық көрсету,  олардың мәселелеріне көңіл аудару мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылдың 15 маусымындағы №1224 жарлығымен қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында Мүгедектер күні болып бекітілді.


Қазақстан Республикасындағы Мүгедектер күніне қала бюджетінен 2,3 АЕК (5531,5 теңге) көлемінде келесі  санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген:
- 1-топтағы мүгедектерге;
- 2-топтағы мүгедектерге;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге.
        Әлеуметтік көмек төлемі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының  филиалы зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы департаментінің Екібастұз қалалық бөлімшесінің тізімі негізінде жүргізіледі.
    Павлодар облысы бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған азаматтардың санаты және төлем көлемі бірыңғай болып табылады. 
    2018 жылдың 1 қазанында біржолғы әлеуметтік көмек 2672 мүгедекке жалпы сомасы 14,8 млн.теңге төленді.