Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


20.09.18 1Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының енгізілген өзгертулерімен 2018 жылдан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдірген жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау жөнінде жұмыстар жүргізеді.

Жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын монтаждау және жарықтандыруға арналған жабдықтарды сатып алу шығындарын өтеу мақсатында субсидия беріледі. 
Уақытша жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жұмыс берушілерге субсидия берілмейді. 
Бұл бағдарламаға қатысу үшін жұмыс берушіге қажетті құжаттар қосымшасымен өтініш беру қажет (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасы немесе немесе орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органында жеке кәсіпкер ретінде есепке қойылғанын растайтын құжат; арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға шығындар сметасы).



20.09.18 2 20.09.18 3