Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Мүгедектік тобы бар студенттергеоқу ақыларын жартылай төлеу үшін біржолғы төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін Энергетик көшесі 62 мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне №105 кабинетке өтіну қажет.


Өздерімен бірге мына құжаттар болу қажет:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарымен мүгедекті оқытуға арналған екі жақты шарттың көшірмесі;
  3. мүгедектігі туралы МӘС анықтамасының көшірмесі;
  4. МӘС берген мүгедекті оңалту жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі;
  5. мекенжай анықтамасы;
  6. Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша сертификаттың көшірмесі немесе кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі;
  7. Келесі оқыту курсына қабылдау немесе ауыстыру туралы оқу орнынан анықтама (түпнұсқасы);
  8. «Қазпошта» АҚ бөлімшесіндегі дербес шоттың көшірмесі.

 

Құжаттар 2018 жылдың 5 қыркүйегіне
дейін қабылданады.

Анықтама телефоны: 34-71-92