Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, Екібастұз қалалық мәслихатының  2015 жылғы 25 маусымдағы «Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» №330/39 шешіміне сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі отын сатып алу үшін 5 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.


Әлеуметтік көмек әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария мемлекеттік ұйымдарының Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға келесі құжаттар негізінде тағайындалады:
- өтініш;
- жеке тұлғаны растайтын құжат;
- тұрақты мекені бойынша тіркелімін растайтын құжат;
- жұмыс орнынан анықтама;
- екінші деңгейдегі банктен жеке шотының болуын растайтын құжат немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын сәйкес лицензияның болуы.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін алу:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік  мекемесі;
- кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.
Энергетиктер көшесі, 62, № № 107, 109 кабинеттер, телефоны: 347194, 347195 мекенжайы бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінен қосымша ақпаратты алуға болады.