Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


03.07.20Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың II (екінші) тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушыларға төлемдерді III (үшінші) тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі және қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде ұзарту көзделген.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ « Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.

Қосымша мағлұматтар
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4270715

 


ЖОБА

Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін бірреттік әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Екібастұз қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы

Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы

 

 

             Т. Шмидт

 

             Б. Құспеков

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
________________ Ә. Сқақов
2020 жылғы «___» __________

 

Екібастұз қалалық мәслихатының
20__ жылғы «__»_________
№ _______ шешіміне
1-қосымша

 

Атаулы күндер мен мереке күндеріне жекелеген санаттары үшін
әлеуметтік көмектің мөлшерлері

Р/с

Санат

Біржолғы төлемнің мөлшері

1

2

3

1.

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1.1

Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер

50 000 (елу мың) теңге

1.2

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi

50 000 (елу мың) теңге

1.3

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынының (бұдан әрі – КСР Одағының) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi

50 000 (елу мың) теңге

1.4

Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

50 000 (елу мың) теңге

1.5

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары

50 000 (елу мың) теңге

1.6

1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер

50 000 (елу мың) теңге

1.7

Бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда)

50 000 (елу мың) теңге

2.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

2.1

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар)

2,4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)

3.

7 мамыр - Отан қорғаушы күні

3.1

Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері

50 000 (елу мың) теңге

3.2

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері

50 000 (елу мың) теңге

3.3

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары

10 (он) АЕК

4.

9 мамыр - Жеңіс күні

4.1

Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, 500 000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ   
5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы
2020 жылғы 9 мамырға 1 000 000 (бір миллион) теңге, сондай-ақ 5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы

4.2

Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлері

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, 500 000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ   
5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы
2020 жылғы 9 мамырға 1 000 000 (бір миллион) теңге, сондай-ақ 5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы

4.3

Бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
100 000 (жүз мың) теңге

4.4

Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
100 000 (жүз мың) теңге

4.5

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
100 000 (жүз мың) теңге

4.6

Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
60 000 (алпыс мың) теңге

4.7

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары

50 000 (елу мың) теңге

4.8

1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар

50 000 (елу мың) теңге

4.9

Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

50 000 (елу мың) теңге

4.10

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
30 000 (отыз мың) теңге

4.11

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 5 (бес) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
30 000 (отыз мың) теңге

4.12

Бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ ҚРЗ «Ардагерлер туралы» Заңның 4, 5, 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
30 000 (отыз мың) теңге

4.13

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары

30 000 (отыз мың) теңге

4.14

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары

30 000 (отыз мың) теңге

4.15

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы)

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда 10 (он) АЕК,
2020 жылғы 9 мамырға
30 000 (отыз мың) теңге

4.16

1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар

50 000 (елу мың) теңге

5.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

5.1

Сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар

10 (он) АЕК

6.

Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні

6.1

18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар

20 (жиырма) АЕК

7.

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

7.1

Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері

10 (он) АЕК

7.2

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар

10 (он) АЕК

8.

1 қазан – Қарттар күні

8.1

Зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер) 

1,2 АЕК

8.2

Зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын  80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер)

2,9 АЕК

9.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

9.1

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2,3 АЕК

9.2

1, 2- топтағы мүгедектер

2,3 АЕК

9.3

Кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедектер

2,3 АЕК

 

 

 

 

Екібастұз қалалық мәслихатының
20__ жылғы «__»_________
№ _______ шешіміне
2-қосымша

 

Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»               № 284/33 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4196 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»               № 307/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 болып тіркелген, 2015 жылғы 07 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»               № 355/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ «Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 220/26 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.

Қосымша мағлұматтар
Сілтеме:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4057763

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ «Екібастұз қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы №111/15 «Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.

Қосымша мағлұматтар
Сілтеме:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4049339

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы»  қаулысы  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31- бабы 1) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес әзірленген.

14.05.20

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ колледждер мен жоғары оқу орындарының 2018-2020 жылғы барлық түлектерін ақылы жастар тәжірибесінен өтуге шақырады. Барлық сұрақтар бойынша Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, 112-кабинет, 347129, 347130 телефондары арқылы немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекенжайымыз арқылы хабарласуға болады.

 Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31- бабы 1) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ЖОБА

Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы