Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Динара Мухамечановна Баграмова  – Бөлім басшысы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтына жүгіну үшін алдымен келесі ақпаратпен танысуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабы негізінде қарау үшiн ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн азаматтардың өтiнiштерi күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады. Ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн өтiнiштер келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 күн мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады. Бөлімнің сайтына өтіну кезінде жоғарыда көрсетілген мерзімдерге назар аударуыңызды сұраймыз.

Ескерту: Бір өтініште тек қана бір мәселе, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты және хат иесінің елді мекенінің/ауданының атауы мазмұндалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда сайт редакциясы хатты мәліметтер қорынан алу құқығын өзіне қалдырады. Бұл шара сұрақтарға жауаптарды жедел дайындауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

2009 жылдың 26 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауына қатысты құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз көпшілік алдында сөз етуге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, тұлғаның жеке және отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі жайлы мәліметтер таратуға тыйым салынады. Сонымен бірге иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды. Иесi бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш болып табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылатын болса, мұндай өтініштер орналастыру құқынсыз жойылатын болады. Осыған байланысты Сіздерді толғандыратын мәселелер мен сұрақтарды мүмкіндігінше жүйелі, әрі нақты баяндауларыңызды сұраймыз.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Баграмова Динара Мухамечановна - руководитель Отдела

Пожалуйста, прежде чем обратиться на сайт ГУ «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза» ознакомьтесь со следующей информацией.

На основании статьи 8 Закона Республики Казахстан «О порядке рассмотрения физических и юридических лиц» обращения граждан для рассмотрения которого не требуется получение информации либо проверки с выездом на место, рассматриваются в течение 15 календарных дней. Обращения, требующие получение информации либо проверки с выездом на место рассматриваются в течение 30 календарных дней со дня поступления. При необходимости проведения дополнительного изучения или проверки срок рассмотрения может быть продлен еще на 30 календарных дней. Если решение вопросов, изложенных в обращении, требует длительного срока, то обращение ставится на дополнительный контроль до окончательного его исполнения. При обращении на сайт Отдела просим обратить внимание на указанные сроки.

Примечание: В одном обращении должен содержаться только один вопрос, а также фамилия, имя, отчество и название населенного пункта/района автора письма. В противном случае редакция сайта оставляет за собой право удаления письма из базы данных. Данная мера принята в целях обеспечения оперативности подготовки ответов на вопросы.

С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан. Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения, за исключением случаев, когда в таком обращении содержатся сведения о готовящихся или совершенных преступлениях либо об угрозе государственной или общественной безопасности и которое подлежит немедленному перенаправлению в государственные органы в соответствии с их компетенцией и обращения, в которых не изложена суть вопроса. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя.

При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение. В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.

ГУ «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза»

 

Жазу

Защитный код
Жаңарту

Жазу  

# ДЕКАБРЬ САЙРАН 08.10.2019 14:55
Мен Декабрь Сайранұлы 12.09.1989 ж Монғолия мемлекетінде дүнйеге келгем. 2010-2014ж арасында Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тамамдадым. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында №42 орта мектебінде музыка пәні мұғалімі және ұйымдастырушы болып қызымет атқарам, жалпы еңбек өтілім 5 жыл. Үйленгем екі балам бар, жолдасым Харагаз Бердгул 26.10.1990ж Монғолия мемлекетінде дүнйеге келген. 2009-2016ж Семей Мемлекеттік Медицина Университетін «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы Достық Отбасылық Денсаулық Сақтау орталығында дәрігер болып қызымет атқарған, декреттік демалыста.
Мен Нұрлы-Ертіс деген жобамен Екібастұз қаласына қоныс аударсам ба деп жоспарлағам. Бағдарламаның шарттарына мен және жолдасым екеміз қатысып тұрмыз, бірақ баладарымыз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрақты тіркеуде болмаған сон қатыса алмайтынымызды ескертті. Сізден өтінеріміз әкимат тарапынан халықты жұмыспен қамту орталығынан бізге қолдауларыңыз керек болып тұр, жас отбасы болғандықтан сол Екібастұз қаласына барып еңбек етіп, өсіп-өркендеп өз үлесімізді қоссақ деген ниеттеміз сол себебті көмек қолдарыңызды созсаңыздар деген тілектемін. Жалпы басқа қандай бағдарламалар, жобалар бар, бар болған жағдайда қалай қатыса аламыз сол жайында толық ақпарат берілсе деймін.
# Əбубəкірқызы Құрбанкул 05.07.2019 17:27
Сəлеметсіз бе!Мен жақында Екібастұз қаласына жұмыс жасау үшін бара жатырмын.Осы тұрғы да сіздер маған жұмыс ұсына аласыздарма?Мамандығым кітапханашы осы жылы колледж бітірген болатынмын.Қазіргі таңда Қызылорда да тұрамын.
# Мейрам Мұқыш 10.03.2019 23:45
Сәлеметсіз бе! Менің анам Мукушева Күләш Екібастұз қаласында тұрады. 2018 ж қазан айында инсульт алып жарты денесі парализовать етіп қалды. Анама мүгедектікті қалай алсам болады ?
# Администратор 14.03.2019 16:18
Құрметті Мейрам!
Сәлеметсіз бе!
Сіздің «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ сайтына анаңызға мүгедектік тобын ресімдеу мәселесі жөніндегі Сіздің өтінішіңізге, хабарлаймын.
Сіздің анаңызға мүгедектікті ресімдеу мәселесін қарастыру үшін, тұратын орны бойынша емханаға емделуші дәрігеріне жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.


«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы

Д. Курумбаева