Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


1Ұлы Отан соғысының қатысушысы Талғат Бапайұлы 1925 жылдың 24 ақпанында Баянауыл ауданында дүниеге келген, Майқайын кентінің қазақ орта мектебінің 8 сыныбын бітіргеннен кейін 1943 жылдың қаңтарында Қызыл әскер қатарына алынады. Әскери қызметін 76 мотоатқыштар полкі,  36-девизия құрамы, 17-әскерінің шығыс шекарасында өтеді.
    1945 жылдың тамыз айынан бастап 1948 жылдың маусымы аралығында Жапон соғысына қатысты және әскери қызметін Маньчжурда жалғастырды
    Еңбек жолының мәліметтері:
    Әскери қызметін аяқтаған соң, 1948 жылдан Майқайын кентінде жұмыс істеді. 1954 жылдан бастап Екібастұз қаласына қоныс аударып, диспетчер, аға диспетчер, Павлодар №3АвтоТресінің автобаза бөлімінің бастығы міндетін атқарды.Тың жерлерді игеруде ауылшаруашылық жұмыстарына қатысты.1956 жылдың қазанынан бастап «Иртыш Углестрой» СУ-1 Трестінде саудагер, 1964 жылға дейін кәсіпорын меңгерушісінің міндетін атқарды.1964 жылдан бастап «Иртыш Углестрой» СУ-1 Трестінде техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 1985 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары: «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Жапонияны женгені үшін» медальі, «КСРО Маршал Г.К Жуков» медальі, мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы.Еңбек марапаттары: «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» мерейтойлық медальі, «Еңбек ардагері» медальі, «Екібастұздың 50 жылдығына» және «Павлодар облысының 75 жылдығына» медальі.Отбасы жайлы мәлімет: Үш бала тәрбиеледі, 7 немересі, 12 шөбересі бар. Екібастұз қаласында жұбайы Роза Темірболатқызы Ибраевамен тұрады.

2Ұлы Отан соғысының қатысушысы Октябрина Илларионовна
    1924 жылдың 4 қарашасында Курск облысы, Поныри ст. дүниеге келген.
    1939 жылы отбасымен Қиыр Шығысқа көшіп келді. Жеделдетілген медбике курсын және жас жауынгер курсын аяқтаған он сегіз жастағы қыз 1942 жылы санитарлық батальонмен майданға шақырылған. 1943 жылдан бастап әскери қызметін Тынық мұхит флотының 138-ші жеке артиллерия дивизиясы Ұлы Петр шығанағы, Береговой қорғанысының, Бухты, Витязь және мыс Шульцада өтеді. Курск, Николаев, Владивосток, Краскино, бухта Посьет, Сейсан порты, Райсан және Юки қалаларында әскери әрекеттерге қатысты. Соғысты Жапонияда пулеметшілер және артеллеристер батальонының құрамында аяқтады.
    Еңбек жолының мәліметтері:
    Еңбек қызметін соғыс аяқталған соң 1945 жылы бастады. 1952-1953 жылдары Удмуртиядағы, Водкинск қаласында кірпіш зауытында жұмыс істеді. 1955 жылы Перм облысы, Фокинский совхозында орман шаруашылығында жұмысын жалғастырды. 1956 жылы Татарстанға қоныс аударды.
    1961-1969 жылдар аралығында Докучаевский совхозында завхоз (ӘШБ) болып жұмыс істеді.
    1979 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары: «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Жапонияны женгені үшін» медальі, 1941-1945 жж. «Соғыс ардагері» белгісі, «Маршал Жуков», «Адмирал Кузнецов», медалі,мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы. Еңбек марапаттары:
    «Ерен Еңбегі үшін» медальі, «Еңбек ардагері» медальі, «Қала алдындағы қызметі үшін» медальі, Солтүстік Қазақстан облысының дамуына үлкен еңбек қосқаны үшін осы облыстың Алтын кітабына енгізілді.
    Отбасы жайлы мәлімет:1946 жылы тұрмысқа шықты, екі қыз тәрбиеледі, екі немересі бар. 1969 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Екібастұз қаласында тұрады.

6Ұлы Отан соғысының қатысушысы Зейнолла  Сүлеев Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақкөл ауылында 1925 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келді.
    7 сыныптық бастауыш білім алды. Есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы әскерге шақырылды. Украин майданындағы бірінші атқыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың тамызында Жапон соғысына қатысты. 1948 жылдың сәуір айының соңында әскерден қайтарылды.
    Соғыс аяқталғаннан кейін Ақкөл орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. 1951 жылы аудандық білім бөлімінің бағыты бойынша Павлодар педагогикалық училищесіне сырттай оқу бөліміне түсті.  1954 жылы 4 жылдық курсты аяқтады және мұғалім дипломын алды. Содан кейін үзіліссіз мұғалім болып жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
    «ІІ дәрежелі Отан соғысы»ордені, «Украинаны босатқаны үшін», «КСРО Маршал Г.К Жуков», мерейтойлық медальдары, қаланың Құрметті азаматы .
    Отбасы туралы деректер:
    9 бала, 12 – немере және 4 – шөбере тәрбиелеген. Қазіргі уақытта қызымен тұрады.

3Ұлы Отан соғысының қатысушысы Татьяна Михайловна Свердловск облысы, Богданович қаласында 1920 жылы туған.  Орта мектептің 7 сыныбын аяқтаған, Сухолозия қаласындағы техникумға оқуға түсті.  Техникумдағы оқуын аяқтаған соң соғысқа дейін Баженово теміржол станциясында телеграфистшы болып жұмыс істеді.
    1941 жылы қолданыстағы әскерге шақырылды. Соғыс кезінде Мәскеу түбіндегі Можайск қаласында ПВО штабында қызмет етті. Әуе қорғанысы күштерінің алдында тұрған міндет - жаудың бомбардировщиктерін Мәскеуге жібермеу. Телеграфистер тәулік бойы, жақындап келе жатқан жаудың координаттарын шұғыл хабарлар жіберуге мәжбүр болды.
    Кейін, Калининск майданының бағытында 1725 Зенит-артиллерия полкінде пулеметші болып, Мәскеу-Ленинградтық көпірдің стратегиялық маңызды объектісі - кеңестік әуежайын қорғауға қатысты.     Кеңес әскерлерінің батылдығы туралы үлгі ретінде Мәскеу үшін өткір шайқастар оның есінде мәңгі сақталды. Еңбек жолының мәліметтері:
    Соғыс аяқталғаннан кейін Богданович қаласының, Боженово станицасында телеграфист болып жұмыс істеді. 1949 жылы тұрмысқа шығып Қазақстанға көшіп келді. 1950 жылдан бастап телеграфист, бала бақшада кіші қызметші, және санаторияда жұмыс істеді. 1999 жылдан зейнеткерлік жасқа жеткенше дейін зейнетақымен қамтамасыз етілуде тұр.
    1975 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:  
    «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Ерең еңбегі үшін», «Мәскеу үшін шайқасқа 75 жыл»медальдары, мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы.  
    Еңбек марапаттары:
    «Ерең еңбегі үшін» медальі.
    Отбасы туралы деректер: 4 бала тәрбиелеген, үш ұлы Екібастұз қаласында, қызы Ресей Федерациясында тұрады.

7Ұлы Отан соғысының қатысушысы Закирзян Лукманович  Ақмола облысы, Шахтер кентінде 1926 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келді. Бастауыш мектептің 2 сыныбын бітірді.
    1943 жылдың күзінде  әскери қызметке шақырылды. Жауынгерлік дайындықты Алма-ата қаласында қосалқы атқыштар полкінде өтті және майданға жіберілді. 86-атқыштар полкінің құрамында Шығыс Украинаада соғысты. Ол Германияға жекпе-жекпен барды, зақымданған болатын, содан соң сүзек жұқтырды. Неміс госпитальінде емделіп сол жерде  Жеңісті қарсы алды.  Соғыс аяқталған соң  1947 жылға дейін Германияда, одан кейіін 1950 жылғы дейін Львовта трофейлік батальонда  қызмет етті.  Еңбек жолы туралы мәліметтер:
    1950 жылдан бастап Кеншілер кентінде алтын өндіруші болып жұмыс істеді.
    1976 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
    «ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Соғыс ардагері», «Отан соғысының жұлдызы», «Германияны жеңгені үшін» ордендері, 1941-1945 ж.ж., «немістерді жеңгені үшін», мерейтойлық медальдармен марапатталған және қаланың Құрметті азаматы.
    Еңбек марапаттары:  
    «Еңбек Қызыл Ту» ордені.
    Отбасы туралы мәліметтер:
    4 бала тәрбиелеген. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында тұрады.

4Ұлы Отан соғысының қатысушысы  Александра Филипповна Курган облысы, Белозерск ауданы, Боровлянка ауылында 1923 жылы 18 тамызда туған. Орта мектептің 4 сыныбын аяқтап, шыны зауытына жұмыс істеуге кетті. Кимры қаласында сапер және зенит орнату бойынша әскери дайындықтан өтті. Майданға бірнеше рет баруға тырысты, 1943 жылы әскер қатарына шақырылды және майданға жіберілді. Бірінші және Екінші Беларуссия майданында, Могилев және Брест қалаларында соғысты. 403-ші жеке зенит полкінің құрамымен Польшаға дейін жетті. Сол жерде Жеңіс күнін қарсы алды.
    Еңбек жолының мәліметтері:
    Поштада, жолдағы бөлгіш агент еден жуушы ретінде жұмыс істеді, негізгі қоймадағы күзетші болып жұмыс істеді.
    1978 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
    «II дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Польшаны босатқаны үшін» медальімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік қызметтері үшін», мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы
    Еңбек марапаттары:
    «Еңбек ардагері» медальі.
    Отбасы туралы мәлімет:
    Ұл тәрбиеледі.

8Ұлы Отан соғысының қатысушысы Александр Федорович  1924 жылдың 20 қарашада Мордовский АССР Камышлеика ауылында дүниеге келді. Орта мектептің 7-сыныпты бітірді. Рузаевка теміржол мектебінде оқыды.
    1942 жылдың маусымынан бастап, әскерге шақырылды. 88-ші артиллерия полкі, 25-ші артиллерия дивизиясы, 1362 ұшу артиллериялық полкінде қызмет етті, радио операторы мен сержант мамандығын алды.
    1943 жылы Бірінші Украин фронтының құрамында Киев қаласынының босатуы бойынша Курск кенішінің шайқасына, одан кейін Киев үшін шайқасқа қатысқан. Украинаны босатқаннан кейін 1944 жылы 4 украин майданының құрамында Польшаны, Закарпатия Украинаны босатты. Соғысты 1945 жылдың мамырында Прагадан алыс емес Чехословакияда аяқтады. Жеңіске жеткен полктің барлық 25-дивизиясының Қызыл Ту орденімен марапатталған біреуі екенін мақтан тұтады.
    Еңбек жолы туралы мәліметтер:
    1948-1967 жылдары Партизанск қаласындағы Қиыр Шығыста тұрды және жұмыс істеді.1967 жылы Екібастұз қаласына көшіп, «Богатырь» ШМУ кенішінде мастер, кейін құрылыс бойынша прораб болып жұмыс істеді.
    1978 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
    «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Отан соғысының» ордені, «Ерлігі үшін» «Жауынгерлік қызметтері үшін», «Германияны жеңгені үшін», «КСРО Маршал Г.К Жуков» мадельдарымен, «60 рокiв визволення Украiни Вiд Фашистких Заграбников», мерейтойлық медальдарымен марапатталды, қаланың Құрметті азаматы. Еңбек марапаттары:
    «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісі.
    Отбасы туралы мәліметтер:
    Екібастұз қаласында жолдасымен тұрады, екі бала тәрбиеледі. Ұлы қайтыс болды, қызы Ресейде тұрады.

5Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мария Степановна 1923 жылы Алтай өңірінде дүниеге келді. 1942 жылы, 19 жасында майданға кетті. Шығыс майданының 20-шы әскер 312-ші атқыштар дивизисының құрамында соғысқан. Ржев маңындағы шайқастарда жарақат алды. Ауруханадан кейін қайтадан өз бөліміне қайтып келді, бөлімшенің командирі болып тағайындалды. 1945 жылдың қазан айында кіші сержант атағымен әскерден қайтарылды және үйіне оралды.  
    Еңбек жолы туралы мәлімет:
    Алтай өлкесі, Панкрут ауданы, Романс ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеді. 1946 жылы тұрмысқа шықты және Киев қаласына кетіп қалды. Әскери бөлімде қоймашы болып жұмыс істеді. 1964 жылы Қазақстанға көшіп келді, Майқаыңалтынбұлағында көлікке май құюшы ретінде жұмыс істеді. 1967 жылы «Ертіс-Қарағанды» каналының құрылуына қатысты. Автоколонна жабдықтаушысы болып жұмыс істеді. 1975 жылы зейнетке шықты.
    1978 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
    «І дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «КСРО Маршал Г.К Жуков» медальдары, «1941-1945жж. Соғыс ардагері» белгісі, мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы.
    Отбасы туралы деректер:
    Үш бала тәрбиеледі: Ұлдары- Генадий Алексеевич Смирнов және Юрий Алексеевич Смирнов Шидерты кентінде тұрады, қызы Людмила Алексеевна Ресей Федерациясы,  Ростов облысы, Гуково-10 қаласында тұрады.