Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі: «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының қызметі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Бөлім басшысының 2017 жылғы 22 маусымдағы №6-08/77 бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен өткізілді.
Бөлім өз қызметін Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 889/8 қаулысымен бекітілген, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады (Павлодар облысы Әділет департаментімен 2015 жылғы 7 қыркүйектегі №290 болып тіркелді).
Жұмыс тобы жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 2017 жылғы 1 жарты жылдықта Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

- жыл басына бөлімнің штат саны 25 бірлікті құрады, бос орындар болмаған.
- а.ж. 1 жарты жылдығы ішінде кадрлардың ауысуы – 2 бірлік (бухгалтерлік есеп секторының бас маманы А.А. Аманжолова өз еркімен жұмыстан босатылды, жұмыспен қамту секторының бас маманы Е.К. Амирханов негізгі қызметкердің шығуына байланысты жұмыстан босатылды).
Бухгалтерлік есеп секторының бас маманы лауазымын басуға жалпы конкурс өткізілді, бос орын толтырылды.
1 жарты жылдықта тәртіптік жауапкершілікке бір мемлекеттік қызметші тартылды (У.Т. Айтбаева, басшының орынбасары). Бұл жаза 2017 жылғы 5 маусымда мерзімінен бұрын алынды;

2)Мүдделер қақтығысын реттеу анықталмаған;
3)Мемлекеттік қызмет көрсету:

Бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының және Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №222/8 қаулысымен бекітілген регламенттердің негізінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмы істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау».
Қаралатын кезеңде (2017 жылғы 28 маусымдағы жағдайына) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі 2257 мөлшерінде көрсетілді (барлығы қағаз түрінде), «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмы істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі  көрсетілмеген. Мемлекеттік қызметті алудан бас тартқандар, мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер, сапасына, қызметкерлерге немесе көрсету мерзімдеріне қатысты шағымдар болмаған. Мемлекеттік қызмет регламенті Стандартқа және нақты үдеріске сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет стандартында мемлекеттік қызметті ұсынуға бас тарту үшін негіздемелер туралы нормалар қарастырылмаған. Стандартта соңғы орындаушы көрсетілген. Қызмет алушымен тікелей байланыс бар, себебі Стандартқа сәйкес қызмет қағаз және (немесе) электрондық нұсқада көрсетіледі. Қосымша құжаттарды сұрату фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттары туралы ақпарат Бөлімнің ресми сайтында enbek- ekibastuz.skom.kz. мекенжайы бойынша жарияланған.

4)Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;
5)Бөлімде бақылау функциялары жоқ;

2017 жылғы 1 жарты жылдықта Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы Ерлан Естайұлы Ақылтаев Бөлімде 1 тексеру жүргізді (бақылау іс-шараларының 2017 жылғы 11 мамырдағы 8 актісі), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес өткізілді. Тексеру нәтижесі мен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша берілген ұсынымдар жөнінде шара қабылданды және 2017 жылғы 1 маусымда Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. атына ұсынымдардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынылды.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіліп тұрады, зерттелетін кезеңде Бөлімнің және оның қызметкерлері тарапына айтылған жағымсыз материалдар болмаған.
Зерттелетін кезеңде азаматтардың өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты өтініштер жоқ екенін көрсетіп отыр. Негізінен өтініштер  анықтама және төлемдерді тағайындау күні мен сомасын көрсете отырып тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек туралы ақпарат беруге қатысты.
Бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының қызметіне қатысты прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері зерттелетін кезеңде түспеген.
Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, жұмыс тобы Бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген шешімге келді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізу ұсынылды.

Жұмыс тобы:

______________У.Т.Айтбаева

 

______________А.Б.Жетибаева

 

______________С.И. Лысенко