Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Ағымдағы жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іс-шараларымен 2326 адам қамтылды, оның ішінде 1364 адам бос орындарға жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» шеңберінде 269 адамды қамту жоспарланып отыр (соның ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кәсіптік оқытуға 147 адамды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 122 адам жіберу). Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен басталады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген 122 адамның ішінен 64 адам оқуын аяқтады, 58 адам жалғастырып жатыр.
Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдайына оқуын аяқтағандардың ішінен тұрақты жұмыс орындарына 55 адам немесе 85,9%-ы жұмысқа орналастырылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мына мамандықтар бойынша өткізілді: газбенэлектрдәнекерлеуші, апатты-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі, аспаз, тігінші және т.б.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты шеңберінде, 2017 жылға Екібастұз өңірінің ауыл тұрғындарын шағын несиелеу үшін жалпы сомасы 51,0 млн. теңгеге жоспарлы индикатор белгіленді, атап айтқанда:
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 33,0 мың теңге;
«Агро кредиттік корпорациясы» АҚ  - 18,0 млн.теңге (Екібастұз қаласында «Екібастұз кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы микрокредиттеу жүргізіледі).
2017 жылғы 1 қазандағы жағдайына 9 қарыз алушы 51,0 млн.теңгеге немесе 100% -ға микрокредиталды (1 жүк тасымалдау, 8 мал шаруашылығын дамытуға).
Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы дамыту» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар 180 болғанда 339 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, оның ішінде Бағдарлама бойынша – 137 адам (бағдарлама бойынша жоспар – 60 адам).
Бағдарлама бойынша жастар практикасы жоспар 80 болғанда оқу орындарының 81 түлегіне ұйымдастырылды.
Жоспар 219 болғанда қоғамдық жұмыстарға 239 жұмыссыз қатысты.
Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының  2011 жылғы 22 шілдедегі 11-бабы 4-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2017 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» 2017 жылғы 4 сәуірдегі 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72  бұйрығымен 2017 жылға облыстар арасында оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бөлінді.

Ағымдағы жылы Бағдарламамен «оралмандар» этникалық қазақтардың тұрғын үйді жалға алуға (жалдауға) және коммуналдық қызметтерді төлеуге шығындарды өтеу бойынша 23 отбасыға (11 адам) қоныстануға субсидиялар қарастырылған.
2017 жылғы 1 қазанға 9 отбасыға (24 адам), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысынан келген ішкі мигранттарға – 2 отбасы (7 адам) көшуге субсидия төленді.
Оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларын қоныстандыру жерлерде мектеп жасындағы балалары түгелдей оқуға қабылданып, мектеп жасына дейінгі балалар бала-бақшамен қамтылды, тұрғылықты жерлеріне тезірек бейімделіп кетулеріне жан-жақты көмек көрсетілуде, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер төленуде.