Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Бюджеттің орындалуы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар

"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламарын бекіту туралы" бұйрығы

2017-2019 жылдарға арналған бекітілген бюджеттік бағдарламалар

ҚАУЛЫ Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 - 2015 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» №3/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2012 жылға арналған қосымша шаралар туралы

ҚАУЛЫ 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ҚАУЛЫ «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

ҚАУЛЫ 2011 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттары үшін «Қала-саяжай» бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы

ҚАУЛЫ 2011 жылға  азаматтардың  жекеленген санаттарына қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Екібастұз қаласы әкімдігінің  2010 жылғы 9 қарашадағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы» №938/11 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 62-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, әрі Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қарашадағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28-желтоқсандағы «Екібастұз қалалық мәслихатының  2009 жылғы 25-желтоқсандағы (ІV шақырылған кезекті XIX сессиясы) Екібастұз қаласының «2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» №221/19 шешімін жүзеге асыру туралы» №848/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №927/11 қаулысын орындауда,  Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз  қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №866/12 қаулысымен бекітілген, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жялдарға арналған Стратегиялық жоспарына (бұдан әрі-Жоспар) (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы №101/2, 2010 жылғы 16 сәуірдегі №323/4, 2010 жылғы 27 шілдедегі №622/8, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі №771/9  қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) келесі өзгерістер енгізілсін:

1)  Жоспардың «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері 3 бөлімінде:

26- жолдағы 6- бағанда «350» сандары «420» сандарына ауыстырылсын;

27- жолдағы 6-бағанда «534» сандары «544» сандарына ауыстырылсын;

35- жолдағы 6-бағанда «700» сандары «780» сандарына ауыстырылсын;

37- жолдағы 6-бағанда «618» сандары «975» сандарына ауыстырылсын;

45- жолдағы 6-бағанда «130» сандары «146» сандарына ауыстырылсын;

50- жолдағы 6-бағанда «19555» сандары «19562» сандарына ауыстырылсын;

2)  Жоспардың «Бюджеттік бағдарламалар» 6 бөлімінде:

«Еңбекпен қамту бағдарламасы» 451.002 бюджеттік бағдарламадағы

7- бағанның 7- жолындағы «350» сандары «420» сандарына ауыстырылсын;

7- бағанның 9- жолындағы «534» сандары «544» сандарына ауыстырылсын;

7- бағанның 12- жолындағы «126893» сандары «129494» сандарына ауыстырылсын;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» 451.005 бюджеттік бағдарламадағы

7- бағанның 7- жолындағы «700» сандары «780» сандарына ауыстырылсын;

11- бағанның 7- жолындағы «17380» сандары «16524» сандарына ауыстырылсын;

«Тұрғын үй көмегі» 451.006 бюджеттік бағдарламадағы

12-жолындағы 7- бағанда «36365,0» сандары «34252,0» сандарына ауыстырылсын;

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» 451.007 бюджеттік бағдарламадағы

7-жолындағы 7-бағанда «19555» сандары «19562» сандарына ауыстырылсын;

11-жолындағы 7- бағанда «182577,0» сандары «180235,0» сандарымен ауыстырылсын;

«18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар» 451.016 бюджеттік бағдарламадағы 11-жолындағы 7- бағанда «8799,0» сандары «8441,0» сандарымен ауыстырылсын;

«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 451.010 бағдарламадағы

7-жолындағы 7-бағанда «130» сандары «146» сандарымен ауыстырылсын;

11-жолындағы 7- бағанда «4290,0» сандары «4460,0» сандарымен ауыстырылсын;

«Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» бағдарламадағы

12-жолындағы 7- бағанда «928,0» сандары «988,0» сандарымен ауыстырылсын;

«Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі» 451.017 бюджеттік бағдарламадағы 11-жолындағы 7- бағанда «22807,0» сандары «22559,0» сандарымен ауыстырылсын;

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен  мүгедектеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз ету» 451.019 бюджеттік бағдарламасы бойынша 11-жолындағы 7-бағанда «2673,0» сандары «1173,0» сандарымен ауыстырылсын;

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен  мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезенде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек» 451.020 бюджеттік бағдарламасы бойынша

11-жолындағы 7-бағанда «28647,0» сандары «28606,0» сандарымен ауыстырылсын;

3) Жоспардың «бюджеттік шығындарды жинақтау» кестесінде»:

1, 2, 7, 8 – жолдарындағы 5 бағанда  «520064» саны «515437» сандарымен ауыстырылсын;

4) Жоспардың «стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу» кестесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ә.К.Базарбаева) Жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі Ж.А.Түсіпбековке жүктелсін.

 

Екібастұз қаласы

әкімі Н. Набиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы   «09»  қарашадағы №938/11 қаулысына қосымша

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы « 16 »  сәуірдегі №323/4 қаулысымен бекітілген

«Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы « 30 »  желтоқсандағы №866/12 бекітілген,  «2010-2014 жылдарға арналған Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  Стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы

 

1. Миссиясы және пайымдауы

 

Миссиясы – Екібастұз өңірінің халқының тіршілік деңгейін арттыру мақсатында халықты жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

Пайымдауы – Жұмыссыздық деңгейін және халықты әлеуметтік қорғау жғйесін тұтас және тиімді қалыптастыруды төмендету жолымен халықтың әлеуметтік-әлжуаз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету.

 

2. Ағымдағы жай-кғйді талдау

 

Өткен кезеңге әлеуметтік салада жағымды динамика қалыптасады.

Жыл сайын аймақта екі мыңнан аса жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 25% аса – ауылдық жерде. 2006-2008 ж.ж. жұмыс іздеп, жұмыспен қамту бөліміне өтінген 11,9 мың азаматтардан 56,7% жұмысқа орналастырылды; кәсіби оқытуға және қайта даярлауға 0,5 мың жұмыссыз жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 3,5 мың жұмыссыз тартылды, халықтың нысаналы тобындағы 0,7 мың жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтуда әйелдерге және жастарға осы санаттағыларды тғрлі формалардағы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру жолымен көмек көрсеуде аса назар аударылды.

2008 жыл ішінде жұмыспен қамту органдарына өтінгендердің санынан  1329 жұмыссыз әйел қамтамасыз етілді: жұмыспен 680 адам, немесе өтінгендерден 51,2%, қоғамдық жұмыстармен – 598 адам (44,6%), кәсіби оқытумен – 122 адам (9,2%). Тіркелген жұмыссыздардың ішіндегі әйелдер саны 6,1%-ға төмендеді (2007 жылы 78,2%).

Жұмыспен қамту органдарына өтінгендердің ішінен 741 жұмыссыз жастар қамтылды: жұмыспен 629 адам немесе 84,9%, қоғамдық жұмыстармен – 31 адам (4,2%), кәсіби оқытумен – 120 адам (16,2%). Жұмыссыз тғлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жүзеге асырылды, оның шеңберінде оқу орындарында алған мамандықтарымен тәжірибеден өту үшін кәсіпорындарға 97 адам жіберілді. Тіркелген жұмыссыздардың ішінен жастар саны 2007 жылдың деңгейімен қалды.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жасалып жатқан шаралар  әлеуметтік көмекпен және әлеуметтік қолдаумен толықтырылады.

Осындай қолдаудың объективті қажеттілігі аудандағы жоғары кедейшілік деңгейімен байланысты. Осы мақсатпен әлеуметтік көмек түрлері қолданылды:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі 38174,9 мың теңге жалпы сомасына 1827 аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалды. Алушылар саны 2007 жылмен салыстырғанда 601 адамға төмендеді;

- мемлекеттік балалы отбасыларға арналған жәрдемақы 10356,9 мың теңге жалпы сомасына 690 отбасыға 1344 балаға тағайындалды. Осы жәрдемақы тғрін алатын отбасылардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 316 отбасыға төмендеді;

- тұрғын үй көмегі 45500,0 мың теңге жалпы сомасына 3191 аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды, өткен жылдың осындай отбасылардың санынан 9,5%-ға жоғары;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдер 125560,1 мың теңге жалпы сомасына 40 іс-шара бойынша азаматтардың 21 санатына (18668 адам қамтылды) жүзеге асырылды;

- мүгедектерді оңалтудың Бағдарламасын жүзеге асыруға 63607,2 мың теңге сомасында қаражаттар бөлінді, соның ішінде міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшілердің және іс-қимыл мамандарының қызметіне – 16185,3 мың теңге, үйге барып мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек – 20442,8 мың теңге, тұрақты мекені жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу Орталығының қызметіне – 18188,0 мың теңге, мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету – 8791,0 мың теңге. Көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру сомасы жыл сайын артады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздар саны 570 адамға дейін төмендеді (2007 жылы – 938 адам). Экономикалық белсенді халықтың ішіндегі тіркелген жұмыссыздар саны 0,7% құрады (2007 ж. 4 тоқсанында – 1,2%), кедейшілік деңгейі 0,8% дейін.

Сонымен бірге, ағымдағы жағдай проблемалардан айырылған жоқ, ең негізгілері мыналар болып табылады: жұмыс күшінің төмен сапасы; халықтың жеке нысаналы топтарының жоғарғы жұмыссыздық деңгейінің сақталуы (әйелдер, жастар); кедейшіліктен шығу бойынша белсенді шаралардың төмен тиімділігі; көп балалы отбасыларда кедейшіліктің артуы; әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының сәйкес келмеуі.

Ағымдағы жай-күйді ескере отырып басты міндет бұл – жұмыссыздық деңгейінің артуына жол бермеу, әлеуметтік қолдаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, Екібастұз өңірі халқының тіршілік деңгейін жақсарту, оның шешімі «Жол картасы» бағыттарын жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Жүзеге асыру барысында 2540 адамды жұмыспен қамтамасыз ету көзделген.

 

 

 

 

 


3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және міндеттері

 

р/с №

Атауы

Өл. бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

1

 

1.Стратегиялық бағыт. Халыққа мемлекеттік әлеуметтік көмек ұсыну сапасын және басқару тиімділігін

арттыру

 

2

 

1.1.мақсат Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің оған жғктелген қызметтерді ең тиімді

орындау үшін аппарат қызметін қамтамасыз ету

 

3

 

Нысаналы индикаторлар: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру 100%, құжаттардың 100%

орындалуы

 

4

1.1.1. Міндет Мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында аппарат қызметіне жағдай құру

 

5

 

Бөлім аппаратын    ұстау

 

Адам

33

32

32

32

32

32

32

 

5.1

Жолдау шегінде еңбек ақыны көтеру бойынша ҚР Президентінің іске асыруды қамтамасыз ету (ведомствалық қарасты қосқанда)

 

 

 

 

%

 

 

 

 

 

25

 

 

 

 

 

6

 

 

Мемлекеттік

қызметкерлердің

біліктілігін арттыру

 

Адам

13

10

15

9

9

9

9

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

7

 

 

 

Аудару бойынша қызметтердің төлемі, жәрдемақы  және басқа да әлеуметтік

төлемдерді төлеу және жеткізуді өз уақытында қамтамасыз ету

 

үнемі

үнемі

үнемі

үнемі

үнемі

үнемі

үнемі

 

8

2 Стратегиялық бағыт. Тиімді жұмыспен қамтамасыз етуді басқару

 

9

Мақсат 2.1 Еңбек нарығындағы жағдайды болжау және мониторинг жүйесін жақсарту

 

10

Нысаналы индикаторлар:  2010-2014 жылдары халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша негізгі

бағдарламалық көрсеткіштердің нақты мәнін шамамен 3-5% қамтамасыз ету

 

11

2.1.1. міндет Өңір халқының жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыру

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек               бостандығына, қызмет тғрін еркін таңдауға азаматтардың құқығын (2010-

2014ж.ж.) және

Екібастұз қаласының

бекітілген еңбек

нарығының болжамды

индикаторларын

жғзеге асыруды

қамтамасыз ететін

кешенді іс-

шараларды жасау

1

2

1

1

1

1

1

 

 

13

 

2.1.2. міндет Өндіріс көлемін қысқарту және банкротқа ұшырау салдарынан жұмыс күшінің жұмыстан

босатылуларын болдырмау

 

14

 

 

 

 

 

15

 

 

Өндіріс көлемін

қысқарту және

банкротқа ұшырау

салдарынан жұмыс

күшінің жұмыстан

шығарылу

қауп төнген кәсіпорындар

туралы дерек

қорларын құру

 

 

 

12

 

 

12

 

 

12

 

 

12

 

 

12

 

 

12

 

 

12

16

2.1.3. міндет  Халықты жұмыспен қамту мәселесі жөнінде халықты ақпараттандыруды арттыру

17

 

 

 

Жұмыспен қамту

мәселесі жөніндегі

мақалаларды БАҚ

жариялау

5