Навигация

nban12

Сайттан iздеу

Авторизация


Бөлім басшысының: Динара Мухамечановна Баграмованың

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі

 

1

Жұмысқа орналастыруды, әлеуметтік қолдауды қажет ететіндерді, бөлімге өтінішпен келген азаматтарды қабылдайды, тіркейді, есепке алады;

2

Жұмыссыздарды,сонымен бірге оралмандарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастырады;

3

Оқу орыдарының және бос жұмыс орындарының автоматтандырылған банк деректерін құрастыру (бос лауазымдар), осының негізінде тұрғандар мен жұмыс берушілерді дайындықпен қамтамасыз етілген кәсіби оқу, жұмысқа орналасу мүмкіншілігі және еңбек нарығы туралы толық және сенімді мағлұматтармен қамтамасыз ету;

4

Жұмыссыз азаматтарға  қалауы бойынша жұмыс таңдауда көмек көрсету, оқуға және жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

5

Жұмыссыз азаматтарға өз бетімен жұмысқа тұру және өз бетімен жұмыспен қамтылудың басқа да түрлері бойынша ықпал ету;

6

Еңбек нарығы бойынша дереқор банкісін қалыптастыру;

7

Жұмыссыз азаматтарға өтініш білдірген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей оларды тіркейді және есепке қояды;

8

Азаматтарға және жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағдар беруде тегін көмек көрсетеді;

9

Жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмысқа жібереді;

10

Еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздарды кәсіби оқуға жібереді;

11

Жұмыссыздарды жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама береді;

12

Жұмыс берушілерге меншік түріне қарамастан,оларға қажетті жұмыскерлерді таңдауға көмектеседі;

13

Еңбек нарығының жағдайы туралы жергілікті орындаушы органдарды және тұрғындарды экономикалық жағынан белсенді халықтың сұранысы мен ұсынысы талдайды және болжайды;

14

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мына ұсыныстарды: тиісті әкімшілік-аумақты бірліктерде тұратын халықтың мақсаты тобын анықтау және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шаралар туралы, төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастыруды әзірлейді және ұсынады;

15

Жұмыссыздарды кәсіби оқытуға, ақалы еңбекке араласуға келісімшарт жасауға, жұмыссыздардың кәсіби оқытуды жүзеге асыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін таңдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

16

Еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерімен, жұмыс берушілермен жұмыспен қамту, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;

17

Атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау құжаттарын есепке алу және тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

18

Жергілікті бюджеттен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, тұргын-үй жәрдемақысын және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу;

19

Учаскелік комиссия жұмысының сапасын тексеру, атаулы әлеуметтік көмекке және тұрғын үй жәрдемақысына берілген табысы туралы құжаттардың дұрыстығын барып тексеру;

20

ТМД елдерінен келген нақты жұмысы, еңбекақысы және басқа да ресми сұрақтарды орындау;

21

Халықты жұмыспен қамту мәселесін қарастыруда орындаушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестігің және кәсіподақ өкілдерінен құрастырылған жұмысшылар тобы және кеңес комисиясы жұмысына қатынасады;

22

Көмекті қажет ететін азаматтарға үйге барып әлеуметтік көмек көрсетеді;

23

Мүгедектерге, ҰОС қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларына, мүгедек-балаларға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға мерекелі күндері және маңызды даталарды атап өтуде әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ( барлық меншік формаларындағы мекемелер мен кәсіпорындарының қайырымдылық және демеушілік көмектерін ұйымдастыру, қайырымдылық акциясын өткізу);

24

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмен қабатына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және басқа да тұрғындардың әлеуметтік қамтылған санаттарына мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыдан әлеуметтік көмек көрсету және есепке алу;

25

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ақысыз немесе жеңілдік бойынша аумақтық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;

26

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының облыстық департаментіне мүгедектермен тұратын тұлғаларға, мүгедек-балаларға жүріп-тұруға арнаулы құралдарды қажет ететін бұйымдар, сурдотифлотехникалық құралдарды, шипажайлы-курортттық емдеуден қамтамасыз етумен, сонымен бірге ардагерлер туралы ақпараттарды жинайды және ұсынады;

27

Тұрақты мекені жоқ тұлғаларға әлеуметтік бейімделу орталықтарын ұйымдастырады;

28

Бас бостандығынан айыру жерлерінен босаған тұлғаларға, тұрақты мекені жоқ тұлғаларға,оралмандардың тұруына және уақытша тіркеу үшін әлеуметтік бейімделу орталығына жолдама береді;

29

Кедейлікті төмендету және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуда көмек көрсетуді қамтамасыз ететін өңірлік бағдарламалар және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

30

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша қеңестер, семинарлар өткізу, Республикамыздың басқа аймағының мекемелері жұмысымен іс-тәжірибе алмасу;

31

Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қорғаншылықты және қамқоршылықты тағайындау бойынша құжаттарды әзірлеу;

32

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес оралмандарға, қоныс аударушылар мен қоныс аударуға мәжбүр болғандарға мемлекеттік атаулы көмегін көрсету, жұмысқа орналастыруда, біліктілігін арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;

33

Келушілерге құқық мәселесі бойынша кеңес беру және қабылдау;

34

Бөлімнің құзырына кіретін мәселе бойынша азаматтардың жеке қабылдауын және арыздарын, хаттарын белгіленген тәртіпте қарастыру, заңды тұлғалармен тұрғындар арасында акпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу;

35

Қоғамдық мекемелермен жұмыс жүргізеді;

36

Ведомствалық статистикалық есеп және акпараттық құжаттар дайындалады;

37

Ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару  мәселелері бойынша актілерді әзерлейді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

38

Ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелер қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

39

Ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін пайдалануға және сақталуына бақылау жасайды;

40

Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

41

Ведомствоға қарасты мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарын бекітеді;

42

Мәлеметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;

43

Осы заңды, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.